"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады

Бөлісу:
"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады
PHOTO
Фото: автордан

"Рекордтар фабрикасы" атауымен әлемге танымал "Медеу" мұз айдыны 2025-2027 жылдары жергілікті бюджет қаражатынан жаңғыртылмақ. Осы ретте Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі күніне екі мыңнан астам адамды қабылдайтын "Медеу" мұз айдынынан фоторепортаж жасады.

 

"Медеу" мұз айдынының тарихи келбеті мен мәдени мұрасы сақталады

"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады
"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады

Алматы спорт нысандарын басқару жөніндегі дирекциясының мәліметінше, 2023 жылы “Медеу” мұз айдыны мен оның инженерлік желілерінің техникалық жағдайын тексеру және бағалау жұмыстары жүргізілді. 

"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады
"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады
"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады

Сараптама қорытындысына сәйкес, қазіргі уақытта мұз айдыны жаппай сырғанау үшін қауіпсіздік талаптарына сай келеді. 

"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады

Алматы әкімдігі “Медеу” аумағын жаңғырту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілетінін хабарлады.

"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады
"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады
"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады
"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады

Олар:
* мұз айдынының батыс бөлігінде серуендеу аллеясын құру
* айдын айналасында жаяу жүргіншілерге арналған баспалдақтар орнату
* оңтүстік беткейде, яғни Есентай өзенінің оң жағалауы бойымен көркейту жұмыстарын жүргізу
* мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы болуы үшін оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөлігінде екі жедел саты орнату көзделген.

"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады

Одан бөлек инженерлік жүйелерді жаңғырту жұмыстары барысында мұз жабынын суыту жүйесін жаңарту, құбыр желілерін толық ауыстыра отырып, технологиялық тақтаны жаңарту, жылыту жүйесін газға ауыстыру, жылыту және көрермендерге арналған орындарды жылыту жүйесін жаңғырту және келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін инфрақұрылымдық элементтерді жаңарту жұмыстары жоспарланған.

"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады

Сонымен қатар “Медеу” қонақ үйін толық реконструкциялау жобаға енген.

"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады

Реконструкциялау барысында “Медеу” мұз айдынының тарихи келбеті мен мәдени мұрасын сақтау басты басымдық болып қала береді, - деп хабарлады әкімдіктен.

"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады


Мұз айдынында халықаралық жарыстар өткізіледі


Үкімет басшысы Олжас Бектенов сенаторлардың сауалына берген жауабында мұз айдынына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырғанын атап өтті.

"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады

Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаға сәйкес Медеу мұз айдынын жаңғырту жұмыстары 2025-2027 жылдарға жоспарланған, ол жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қазір бюджет заңнамасына сәйкес процедуралар жүргізіліп жатыр. Қайта құру жұмыстары аренаның техникалық сипаттамаларын жақсартуға мүмкіндік береді. Осылайша Медеу халықаралық конькимен жүру одағының халықаралық жарыстарды өткізу туралы талаптарына сәйкес болады, - деді Премьер-министр.

"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады

Олжас Бектенов Алматы қаласының әкімдігі аренаны қайта жаңғырту шеңберінде хоккейден жарыс өткізу (бэнди), мұз шоуы мен көрсетілімдер өткізу үшін оның функционалды мүмкіндіктерін кеңейту шараларын қабылдайтынын мәлімдеді.

Мұз айдынының ортаңғы бөлігі хоккей ойынына және мәнерлеп сырғанауға арналған

 

"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады

"Медеу" — теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте, Алматы қаласының маңында, "Шымбұлақ" тау курортынан сәл төменірек, Медеу шатқалында орналасқан биік таудағы спорт кешені. Медеу табиғи мұз айдыны ретінде 1951 жылы пайдалануға берілді. Ал Медеу спорт кешені 1972 жылы тұрғызылды. 1975 жылы құрылысқа атсалысқан архитекторлар В.З. Кацев, А.С. Қайнарбаев және инженер С.Б. Матвеев пен он шақты адамға КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.

"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады

Медеу - жасанды мұз алаңының ең үлкен ауданы - 10,5 мың шаршы метрді құрайтын қысқы спорт түрлеріне арналған әлемдегі ең ірі биік таудағы кешен.

"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады
"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады
"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады

Медеу спорт кешенінің ені - 5 м, айналымы - 400 метрді құрайды. Айдынның ортаңғы бөлігі хоккей ойынына және мәнерлеп сырғанауға арналған. 

"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады
"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады
"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады

Кешенде 12,5 мың орындық, 2 жүзу бассейні, спорт залы, мейманхана, асхана, кинозал, кітапхана орналасқан. Жасанды мұз айдынының астыңғы жағының биіктігі — 2,3 м, 20 түрлі материал қабаты үлкен темір бетон тақтаның үстіне орналастырылған. 

"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады
"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады

Мұнда ұзындығы 170 метрлік салқындатқыш темір құбырлар тартылған. Мұз айдынының жарық боп тұруы үшін 8 тұғырға 1600 қуатты шамдар орнатылған.

"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады
"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады
"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады

"Рекордтар фабрикасы"

Алматының мұз айдыны "рекордтар фабрикасы" деген атауға ие болған. Себебі мұз айдыны конькимен жүгіру спортының жоғары нәтижелеріне жетуге мүмкіндік береді.

"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады

 Мұнда ерлер мен әйелдер арасында барлық қашықтық бойынша 200-ден астам әлемдік рекордтар орнатылды. Республикалық маңызы бар нысан қала құрылысы және сәулет өнерінің Мемлекеттік ескерткіші болып саналады. Медеуде өткізілген чемпионаттардың соңғысы 1988 жылы Халықаралық еркектердің конькимен тез жүгіру чемпионаты болған.

"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады
"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады
"Медеу" мұз айдыны қалай жаңартылады
Өзгелердің жаңалығы