Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында карантинге жабылған Шымбұлақ пен Медеу сынақ ретінде ашылатыны жазылған.
Туризм нысандарының тестілік режимдегі қызметіне рұқсат беру - 2020 жылдың 19 және 30 қарашасы аралығында «Медеу» спорттық-сауықтыру орталығы және 2020 жылдың 16 және 30 қарашасы аралығында Шымбұлақ тау-шаңғы курорты. Медеу мұз айдынына жіберілетін адам саны 500-ден аспауы тиіс. Шымбұлаққа келушілер бұрынғы қабылданатын туристер санының 30% -ынан аспауы керек, - делінген қаулыда.Сондай-ақ «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты мен «Медеу» спорттық-сауықтыру орталығының тамақтану объектілеріне рұқсат, онда да ашық аспан астында 50 орыннан аспайтын, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метрді қамтуы керек. Бастысы, ол арада ұжымдық іс-шаралар өткізуге қатаң тыйым салынады делінген қаулы талаптарында.