Астана, BAQ.KZ. Елордада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің кезекті ХХІ мәжілісі өтуде.
Бұл жайында діни басқарманың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Желілік маркетинг үкімі», «Маникюр жасаудың үкімі», «Шашты бояудың үкімі», «Жасанды кірпік жапсырудың үкімі», «Телефон және интернет арқылы неке қию үкімі» тағы да басқа тақырыптарға әзірленген пәтуалардың мәтіні талқылануда», - деп жазды ол.
Ғұламалар кеңесі осы және өзге де тақырыптарды үш күн бойы талқылаудан өткізіп барып пәтуа шығаратын болады.