Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Мемлекет басшысының Жолдаудағы ұсыныстарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкіметтің жұмысын қалай бағалайсыз? деп сұрады БАҚ өкілі.
Оның айтуынша, Ақжол фракциясы Үкімет жұмысына әркез сынмен қарайды. Сондай-ақ Перуашев су тапшылығын алдын алу керек екенін айтты.
Өзім 8 аймақты араладым. Өңірлерлегі су тапшылығын өз көзіммен көрдім. Құрғап кеткен далаларды көрдім. Сондықтан су тапшылғына байланысты арнайы министрліктің құрылуы дұрыс шешім, - деді ол.
Оның айтуынша, Жолдау мазмұнды әрі әсерлі болды.
Мәселен, біздің экономикамызда басымдық шағын бизнеске арналған. Яғни, сауда және қызмет саласы. Ал нағыз отандық өндірушілер орта бизнес өкілдеріне ешқандай артықшылық берілмеген. Президент оны осыған дейін де бірнеше рет айтты. Сондықтан Мемлекет басшысы Үкіметке бұл жағдайда реттеуді тапсырды, - деді Мәжіліс депутаты.
Сонымен қатар ол кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық істерді тоқтату туралы мәселе өзекті екенін айтады.
Себебі қылмыстан бөлек экономикалық тұрғыда да жауапкершілік болуы керек. Мысалы, бір кәсіпкер салықты төлей алмай қалса, оған бола түрмеге отырғызудың қажеті жоқ, кәсіпкерге айыппұл салу керек. Қазіргі кезге дейін қаншама кәсіпкер осындай дүниеге бола түрмеге қамалды, - деді депутат.
- Мұқаба
- Жаңалықтар
«Мазмұнды болды». Перуашев Жолдауға қатысты пікір білдірді

-
1Қытайлық сейсмологтар Азиядағы жаңа жер сілкіністері туралы ескертті10222Қанша уақыт қалды: енді әйелдер "декретке миллионмен" шыға алмайды8693Жаңбыр, найзағай: бүгін елімізде ауа райы қандай болады80542025 жылы қай мамандыққа грант көп бөлінеді – министрлік жауап берді7805Марста біртүрлі дүние табылды686