Мәжілісті тарату жөнінде кеңес өтті

19 Қаңтар 2023, 12:51
1581
Бөлісу:
Мәжілісті тарату жөнінде кеңес өтті

Мемлекет басшысы Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрмен Парламент Мәжілісін тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы референдумда саяси өзгерістерге, соның ішінде Парламентті және мәслихаттарды жасақтау тәртібін жаңартуға қолдау білдіргенін айтты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.

Мен қыркүйектегі Жолдауымда алда тұрған сайлау науқандары туралы айттым. Соған сәйкес өткен жылдың қараша айында кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Жуырда Сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Енді Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуіміз керек, – деді Президент.

Мәжілісті тарату жөнінде кеңес өтті

Мемлекет басшысы Конституцияның 63-ші және 86-шы баптарына сәйкес өткізген кеңес барысында Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов және Премьер-Министр Әлихан Смайылов сөз сөйледі.

Мәжілісті тарату жөнінде кеңес өтті

Кездесу соңында Президент барлық айтылған ой-тұжырымдарды ескеріп, нақты шешім қабылдайтынын мәлімдеді.
 

Өзгелердің жаңалығы