Мәжілісте мемлекеттік деректерге қатысты заң талқыланды

19 Сәуір 2024, 23:15
503
Бөлісу:
Мәжілісте мемлекеттік деректерге қатысты заң талқыланды
Фото: BAQ.KZ архив

Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата отырысында "Мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері" туралы заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған заң жобасының мақсаты - мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде сақталатын деректердің сапасын арттыру бойынша бірыңғай тиімді саясатты және нәтижесінде деректерді бірнеше рет пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жүйені қалыптастыру.

Сонымен қатар мемлекет үшін маңызды ақпараттың ауқымды көлемін жинақтайтын мобильді операторлар, банктер, табиғи монополиялар субъектілері сияқты деректердің жеке жеткізушілері маңызды дереккөз болып саналады. Балама деректерді пайдалану нақты уақыт режимінде қалыптастырылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы