Мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов депутат басқа қызметке тағайындалуына байланысты қызметінен кетуге өз еркімен өтініш бергенін айтты.
Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы Конституцияның 52-бабына «ҚР Парламенті және оның депутаттары мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 24-бабы 3) және 8) тармақтарына сәйкес Парламент Мәжілісі депутаты Елнұр Бейсенбаевтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр, - деді Шавхат Өтемісов.
Мәжіліс депутаттары тиісті қаулығы дауыс берді.
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутатқа тиімді жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.