Мәжілісмендер шекара бекетіндегі жағдаймен танысты

16 Шілде 2023, 21:43
808
Бөлісу:
Мәжілісмендер шекара бекетіндегі жағдаймен танысты
Фото: mazhilis_kz

Мәжілісінің төрт депутаты Олжас Құспеков, Максим Рожин, Болат Керімбек және Самат Нұртаза бастамашылық етіп, Алматы облысындағы шекара бекетіне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері шекарашылардың жағдайымен танысып жатыр. Шекара бекетіне жүргізілген зерттеу және талдау шекаралық қауіпсіздік пен жұмыс жағдайларын жақсартуға бағытталған заңнамалық бастамалар мен шараларды әзірлеуге негіз болады.

Қазіргі уақытта барлық депутаттар шекара аймағында, тауда жаттығу лагерінде дайындықтан өтіп жатыр. Кейін депутаттар шекара қорғаушыларының қызметі мен қажеттіліктерін толық түсіну үшін шекара бекетінде жұмысын жалғастыруға ниетті. Зерттеу аяқталғаннан кейін олар өз ұсыныстарын Мәжіліс отырысына ұсынуды жоспарлап отыр.

Біздің жұмысымыз тек заң айналасында ғана емес, сонымен қатар нақты әрекеттер. Мұнда біз бірнеше апта бойы шекарашылармен бірге дайындықтан өтіп, олардың жұмыс жағдайларын зерттеп, оларға ел қорғауда жағдай жасау үшін қажет жағдайда ұсыныстар енгізетін боламыз. Мұндай тәжірибе біздің қорғаушыларымыздың шекара шебінде кездесетін қиындықтарын түсінуге, сол бағытта жұмыс істеуге көмектеседі, - деп түсіндірді депутат Олжас Құспеков.

Өзгелердің жаңалығы