Парламент Мәжілісіне жаңа депутат Олжас Нұралдинов келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс отырысында “Ақжол” демократиялық партиясының депутаты Ержан Бейсенбаевтың өкілеттігі тоқтатылғаны белгілі болды. Олжас Нұралдинов әріптесінің орнына келді.
Жаңа депутат Олжас Нұралдинов антын берді.
Қазақстан халқыны адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деді депутат.
Нұралдинов Қаржы және бюджет комитетінің құрамына сайланды.