Руслан Берденовтің Мәжілістегі орнын Екатерина Смолякова басты. Ол депутат ретінде ант та қабылдап үлгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Respublica партиясы фракциясының өкілі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болып сайланды.
Айта кетейік, Екатерина Смолякова - Талдықорғандағы Жансүгіров университетінің түлегі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Қоғамдық жұмысқа ерте араласқан. KBTU Empowerment әйелдер клубын басқарады және Алматы облыстық №1 балалар үйінің Қамқоршылық кеңесінің төрайымы. Соңғы қызметі - Ол Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) проректоры, сондай-ақ мансап және түлектермен жұмыс орталығын басқарды.
Еске салсақ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған Руслан Берденов Мәжіліс депутаты қызметінен кетті.