Мәжіліс спикері «жұмыс істемейтін депутаттар» туралы не деді?

9 Қараша 2022, 13:02
1480
Бөлісу:
Мәжіліс спикері «жұмыс істемейтін депутаттар» туралы не деді?

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Тілшілер Мәжіліс спикерінен белсенділік танытпайтын депутаттарға қатысты қандай шара қолданылатындығы туралы сұраған болатын. Соның ішінде  депутат Әлия Сапароваға қатысты жауап берді. 

Нақты Сапарова бойынша айтсам, мен оның сөйлегенін бірнеше рет естідім, ол сөз сөйлеп, жұмысқа араласып жүреді. Мүмкін сол күнгі жалпы отырыста сіз болмаған шығарсыз. Мен өз басым (Сапарованың сөйлегенін – ред.) естідім, - деп атап өтті Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда журналистерге берген сұхбатында. 

Айтуынша, депутаттар өз жұмыстарын жасап жүр.

Әрқайсысының белсенділігі әртүрлі шығар, бірақ жұмыстарын жасап жатыр. Комитетте де жұмыстары бар. Олардың ең негізгі жұмыстары сол жерде, - деді Мәжіліс төрағасы.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында мәжілісмен Әлия Сапарова өзінің депутаттық қызметі кезеңінде бірде-бір рет депутаттық сауал жолдамады деген ақпарат таралған болатын.  

Еске сала кетейік, бұған дейін Ерлан Қошанов Президенттің атынан саяси дебатқа неге түсетінін түсіндірген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы