Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» заңның жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде қаулыны қабылдады.
Бұл келісім 2021 жылғы 7 желтоқсанда елордада жасалды. Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қырғыз Республикасына әскери мүлікті өтеусіз беріп, әскери техникалық жәрдем көрсетеді, - деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан.
Комитет осы заң жобасын жұмысқа қабылдап, тиісті қорытынды әзірлеуге дайын.