Мәжіліс поштаға қатысты заң жобасын жұмысқа алды

18 Қыркүйек 2024, 11:21
464
Бөлісу:
Мәжіліс поштаға қатысты заң жобасын жұмысқа алды

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Пошта туралы» заң жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заңға депутаттар бастамашы болды және енді олар заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге кіріседі.

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов заң жобасының негізгі мақсатын айтты.

Пошта байланысы нарығын дамытуға, PIN-кодтың көмегімен құқықтарды растау арқылы пошта жөнелтілімдерін үшінші тұлғаларға тапсыру рәсімін жетілдіруге, мекен жайы жоқ, мекен жайы белгісіз немесе бүлінген, сондай-ақ адресаттың бас тартуына байланысты берілмеген пошта жөнелтілімдерін сақтау және жою ережелерін өзгертуге, пошта объектілерін орналастыру мәселелерін реттеуге бағытталған, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы