Мәжіліс «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге қатысты мәселені қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, депутат Мәди Такиев заң жобасына енгізетін өзгерістерді түсіндірді.
Заң жобасы Мәжіліске 2023 жылғы 30 қаңтарда енгізілген.
Бұл хаттама құқық қорғау практикасында анықталған олқылықтарды жоюға бағытталған. Хаттамаш кешенді сипатқа ие және кеден одағының жұмыс істеуі сыртқы сауда және техникалық реттеу, мемлекеттік сатып алу, бәсекелестік, табиғи монополиялар, көлік, санитарлық шаралар, қаржы нарықтарын реттеу, салықтар мен салық салу және т.б. өзгертулер енгізіледі, - деді депутат жалпы отырыста.
Қаржы және бюджет комитеті заң жобасы бойынша 2024 жылғы 24 қаңтарға дейін қорытынды әзірлеуге дайын.
Депутаттар тиісті мәселеге байланысты қаулының жобасын дауысқа салды.
96 депутат қолдап, дауыс берді.