Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысыннан Мәжіліске сайланған депутаттар жергілікті халықпен кездесіп, алдағы референдумның маңызын түсіндіруде. Бүгінгі кездесу Мұнайлы ауданында өтті.
Депутаттар Ата заңға енгізілетін өзгерістердің болашақта халықтың жағдайының жақсаруына оң әсер ететінін баса айтты. Өйткені, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейте отырып, сайлау жүйесін реформалау, жаңа саяси партиялардың құрылуы маңызды. Сондықтан әрбір азаматтың ұсынысы, қолдауы және белсене атсалысуы референдумның іске асуына ықпал етпек. Бұл референдум арқылы тарихи шешімдер қабылданады. Сондықтан ел тағдырына бейжай қарамайтын әрбір адам өз таңдауын жасап, осы науқанға атсалысуы керек, -деді.
Мейлінше халықты мемлекеттік басқаруға арастыру . Халықтың әл-ауқатын көтеретін пундамент дайындау. Себебі конституцияда болатын рефермолар супер президенттік басқарудан мықты президент ықпалды парламент және есеп беретін үкімет моделіне көшу. Сол арқылы халықты мемлекеттік басқару ісіне арастыру , халықтың бостандығын , құқығын қорғау соған жұмыс жасауға мүмкіндік беру. Экономикадағы монополияны алып тастау, олигополияны алып тастау , жемқорлыққа жол бермеу. ОСының бәрі алда болатын референдумда болады деп есептеймін,- деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин.
Референдум әр қазақстандыққа өз пікірін білдіруге, мемлекеттік басқару процесіне араласуына мүмкіндік береді деген депутаттар жалпыхалықтық референдудағы дауыс берудің ережелері мен шарттары жайлы айтып, қабылданатын әр өзгеріске жеке-жеке түсініктеме берді.