Мәжіліс депутаттары өңірлерде республикалық референдум өткізудің маңыздылығын түсіндірді

12 Мамыр 2022, 22:16
1956
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары өңірлерде республикалық референдум өткізудің маңыздылығын түсіндірді

Алматы, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап өңірлерде Парламенттегі саяси партиялардың барлық фракцияларының мүшелері, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттары іс-сапарға шықты. Онда депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен  Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өткізудің маңыздылығын түсіндірді.   

Басты мақсат – нақты саяси бәсекелестік үшін жағдай жасау, халықтың елді басқаруға қатысуын арттыру, қазақстандықтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін күшейту.

Нұр-Сұлтан қаласында Мәжіліс депутаттары Павел Казанцев, Саясат Нұрбек, Лариса Павловец және Динара Закиева «Астана-Тазалық» серіктестігіне барды.
Депутаттар екбек ұжымымен жүздесіп, жалпыхалықтық референдум туралы, дауыс берудің ережелері мен шарттары жайлы айтып, қабылданатын әр өзгеріске жеке-жеке түсініктеме берді. Мәжіліс депутаттары алдағы өзгерістердің маңыздылығына тоқталды.

Мәжіліс депутаттары өңірлерде республикалық референдум өткізудің маңыздылығын түсіндірді

5 маусымда Қазақстанның болашағын айқындайтын жалпыхалықтық дауыс беру арқылы тарихи шешімдер қабылданады. Ел тағдырына бейжай қарамайтын әрбір адам өз таңдауын жасап, осы науқанға атсалысуы керек, – деді Мәжіліс депутаты Лариса Павловец.

Сондай-ақ депутаттар еліміздің Ата Заңына енгізілетін нақты нормалардың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, олар суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейтуді қамтамасыз ету, сайлау жүйесін реформалау мен жаңа саяси партиялардың құрылуы. 

Мәжіліс депутаттары Айгүл Нұркина, Вера Ким және Анатолий Бойчин Павлодар облысында білім беру және денсаулық сақтау салаларының өкілдерімен, сондай-ақ Павлодар қаласы трамвай басқармасының ұжымымен кездесті.

Бұл референдум әр қазақстандыққа өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді. Ел тұрғындары мемлекетті басқару процесіне араласа алады. Осылайша Конституцияның 3-тен бір бөлігіне өзгеріс енгізіледі, – деді Мәжіліс депутаты Вера Ким.

Кардиологиялық орталық дәрігерлері де алдағы референдум мен саяси реформалардан күтер үміті зор.

Мәжіліс депутаттары өңірлерде республикалық референдум өткізудің маңыздылығын түсіндірді

Референдум Қазақстан халқына берілген үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Бұл реформалар айтулы өзгерістерге апарады. Менің өмірімде референдум бірінші рет болғалы тұр. Жалпы жанұяммен бұл іс-шараға барамыз деп жоспарлап отырмын, –  деді кардиологиялық орталықтың дәрігері Думан Изгутдинов.

Бүгін Мәжіліс депутаты Ғазиз Құлахметов Алматы қаласындағы №137 мектепке барып, жалпыхалықтық референдумның қоғамдық-саяси маңызы туралы айтып, конституциялық реформаның жаңашылдықтарына тоқталды.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева Ақмола облысының Сандықтау ауданындағы Балкашино ауылының тұрғындарымен кездесті. Онда бірқатар әлеуметтік мәселе талқыланып, алдағы референдум жайлы әңгімелесті.  

Барлық өңірде азаматтар депутаттармен пікірталастарға белсене қатысып, көптеген сұрақ қойып, өз пікірлерімен  бөлісті. 
 

Өзгелердің жаңалығы