Мәжіліс депутаттары Маңғыстауға келді

23 Тамыз 2022, 22:00
1808
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары Маңғыстауға келді
PHOTO
Фото: автордан

Мәжілістің кезекті сессиясы жақындап келеді. Соның алдында Парламентке Маңғыстаудан сайланған Еділ Жаңбыршин мен Самат Мұсабаев облыс тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Маңғыстау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Сапар облыс орталығына іргелес Мұнайлы ауданынан басталды. Ауданға қарасты Дәулет ауылының халқымен кездесуде көптеген мәселелер ашық айтылды. Әсересе аудандағы ауыз су мәселесі, жастар арасындағы жұмыссыздық, азық-түлік қымбатшылығы сөз болды. 

Мәжіліс депутаттары Маңғыстауға келді

2007 жылы құрылған ауданда әлі күнге дейін аурухана жоқ. Осы мәселені көтеріп республикалық бюджеттен аудандық ауруханаға қаражат бөлдіруге қол жеткіздік. Құрылыстың бюджеті шешілген, ақша жетіп тұр. Алайда, жұмыстың жүрісі көңілден шықпады, алғашқы 2 млрд теңге қолдарында, бірақ бұл траншты жыл соңына дейін игеріп үлгермейтін секілді. Егер бұл ақша игерілмесе келесі жылы құрылыстың бюджеті қысқартылуы да мүмкін, – дейді депутат Самат Мұсабаев.

Ал Қарақия ауданы Сенек ауылының тұрғындары аудан орталығы Құрыққа барудың қиындығын сөз етті. Жол жоқ, бар жолдың тозығы жеткен. Аудандық әкімдіктің айтуынша, жаңа жол 2023 жылдың соңына қарай салынып бітеді. Мәжлісмендердің Ақтау әкімшілігінде өткізген кездесуінде коммуналдық қызмет, ауыз су, көгілдір отын, жылу жетіспеушілігі секілді мәселелер сөз болды. Қазір тек Ақтаудың өзінде ғана 12 000 адам үй кезегінде тұр. Алайда, алдағы 5 жылда Ақтауда тұрғын үй құрылысы тоқтауы да мүмкін. Өйткені, қазірдің өзінде қалада бос жер жоқ, ауыз су жетіспеушілігі де мәселе.

Мәжіліс депутаттары Маңғыстауға келді

Депутаттардың кезекті кездесуі құрылысшылармен өтті. "Amanat" партиясының облыстық филиалында өткен жиынға құрылысшылар, жобалаушы ұйым өкілдері мен мемлекетті және жеке сараптама қызметін көрсететін тұлғалар қатысты. Қыркүйек айында Мәжіліс осы салаға арналған заң жобасы қарамақ. Осыған орай жобаға ұсынатын өзгерістерді құрылыс мамандарының өздерінен тыңдады. Саладағы басты мәселе – жобалық, сметалық құжаттың дұрыс жасалмауы. Бұған кім кінәлі: құрылысшы ма, жобалаушы ұйым ба, әлде сараптау ұйымы ма? Жиында осы мәселе ұзақ талқыланды. Бұдан кейінгі сөз болғаны – құрылыс материалдарының қымбаттауы. Бүгінгі таңда қымбатшылық әсерінен тоқтап қалған құрылыстарды жүргізу үшін бюджетті қайта қарау керек, өзгерту керек. 

Мәжіліс депутаттары Маңғыстауға келді

Жиын қорытындысы бойынша аталған мәселелерді және басқа да көптеген сұрақтардың жауабын алу мақсатында келесі айлардың бірінде облысқа сала министрін, құрылыс істері комитетінен мамандар, басқа да жауапты тұлғаларды алып келіп, көшпелі мәжіліс өткізуге ниеттеніп отырмыз, – деді Самат Мұсабаев. 

Сондай-ақ түс ауа депутаттар Ақтаудағы 31 шағынауданнан салынған, жаңа оқу жылында пайдалануға берілетін мектепке 1200 орындық барды. Жаңа нысан "Amanat" партиясының сайлауалды бағдарламасына енген ғимарат. 

Өзгелердің жаңалығы