Мәжіліс депутаттары елорданың діндерді зерттеу орталығына барды

22 Ақпан 2022, 03:19
1115
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары елорданың діндерді зерттеу орталығына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары П. Казанцев, Ж. Нурманбетова, Л. Павловец Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығына барып, дін саласына қатысты бірнеше мәселені талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бас шаһардағы діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау жолында жүргізілу керек жұмыстар жөнінде сала мамандарының ұсыныстарын тыңдап қайтты.

Елордалық Дін істері басқармасының басшысы Н.Әлмұханов пен Орталық директоры М.Тайпин індеттің салдарына байланысты жұмыс барысында туындаған өзгерістер туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Дін саласы – елдегі өзекті тақырыптардың бірі. Сол себепті де, жұмыс барысының қарқынын одан әрі дамыту керектігі жөнінде ерекше аталып өтті.

Орталық жүргізіп отырған жұмыс жөнінде бірі білсе, бірі білмейді. Алайда қаңтар айында елде болған жағдайдан кейін дін саласының дамуына, қоғамның діни сауаттылығын арттыруға үлкен мән беру керек. Орталыққа келудегі себебіміз де осы, - деді Л.Павловец кездесу барысында.

Мамандар мен депутаттар дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды жетілдіру бойынша өз ойлары мен ұсыныстарын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы