Мәжіліс депутаттары әскери полицияның қызметімен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қорғаныс министрлігі Telegram арнасында хабарлады.

23 Ақпан 2022 2022, 22:37
АВТОР
 23 Ақпан 2022 2022, 22:37
23 Ақпан 2022 2022, 22:37
1463

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қорғаныс министрлігі Telegram арнасында хабарлады. 

Қорғаныс министрлігі әскери полицияның өкілеттіктерін кеңейтуді, Қарулы күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған функцияларды бекітуді көздейтін «Әскери полиция органдары туралы» заң жобасын әзірледі.

Мәжілісмендер Сергей Решетников пен Файзолла Каменов Ақмола гарнизонындағы Әскери полиция басқармасына барып, әскери полиция қызметінің бағыттарымен, қару-жарақ және әскери техниканың негізгі түрлерімен жеке танысты.

Депутаттарға Әскери полиция мамандарын даярлау орталығының оқу-материалдық базасы таныстырылып, оқу процесін ұйымдастыру туралы хабардар етілді.

Наверх