Мәжіліс депутаттары Алматы облысындағы жылыжайды аралады

Кеше, 19:38
230
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары Алматы облысындағы жылыжайды аралады
PHOTO
Фото: Мәжіліс

Мәжілістегі "Ауыл" партиясы фракциясының мүшелері Алматы облысына сапарын жылыжай жұмысымен танысудан бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Партия және Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы Серік Егізбаев пен Мәжіліс депутаты Николай Арсютин Алматы облысы Іле ауданында орналасқан "EURASIAN GREEN PRODUCT" жылыжай кешенінде болып, қызметкерлермен кездесті.

Мәжіліс депутаттары Алматы облысындағы жылыжайды аралады

Депутаттар бірінші кезекте кәсіпорынның қуаттылығын, ондағы өндіріліп жатқан өнім сапасын қарап шықты.

Кездесу барысында Серік Егізбаев кәсіпорын жұмысшыларына ауыл шаруашылығы саласын, елдімекендерді дамыту бойынша мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар, Парламентте қабылданып жатқан заңдар, инвестиция, партия тарапынан қолға алған жобалар туралы айтты. Сондай-ақ депутаттар ұжым қызметкерлерінің жергілікті мәселелер бойынша қойған сауалдарына жауап берді.

Мәжіліс депутаттары Алматы облысындағы жылыжайды аралады

"Eurasian Green Product" жылыжайының басшылығы өз кешендеріне Солтүстік Қазақстан облысындағы тәжірибе негізінде 2,5 пайызбен несие беру жолдарын қарастыруды сұрады.

 "Ауыл" партиясы фракциясы Мәжіліс отырысында және Үкімет сағатында сіздердің осы сұрақтарыңыз бойынша сауал жолдайтын болады. Тағы бір айта кететін жайт, Солтүстік Қазақстан облысындағы жылыжай негізінде Алматы облысында да кешен салуды қолға аламыз, – деді партия төрағасы.

Мәжіліс депутаттары Алматы облысындағы жылыжайды аралады
Өзгелердің жаңалығы