Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмилә Нұрманбетова мәлім етті. Ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының қорытындысын баяндады.
Оның айтуынша, аталған заң ҚР Президентінің 2020 жылдың 27 мамырдағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде және 2020 жылы 16 қарашасындағы коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл шараларындағы кеңес кезінде берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленген.
Заң жобасы Қазақстан Республикасыда биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында біріздендірілген жүйе құруды көздейді. Басты мақсат халықты және жануарларды өсімдіктер мен қоршаған орта объектілерін қауіпті биологиялық факторлардан әсерінен қорғау. Заң жобасын іске асыру үшін 2022-2024 жылдарға 25,5 млрд теңге қажет. Оларды зертханалық базаны жетілдіруге, биологиялық қатерлерге қарсы іс-қимыл жасау үшін жәнеде биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық жүйені құруға жұмсалады. Сонымен бірге потогенді бірінші және екінші топтардағы биологиялық агенттермен қатар жұмыс мамандарды оқыту үшін пайдаланылмақ. Мамандардың біліктілігін арттыруға да жұмсау жоспарда бар, - деді Жәмилә Нұрманбетова.