Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мәжбүрлеп некеге отырғызғандар 10 жылға дейін сотталуы мүмкін – вице-министр

Олжас АДАЙ
26 Маусым 2025, 13:07
1585
Бөлісу:
 BAQ.KZ  жасанды интеллект
Фото: BAQ.KZ жасанды интеллект

Мәжбүрлі некеге итермелеу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Бұл туралы Сенат кулуарында Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл – Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда жүктеген маңызды тапсырмалардың бірі. Өкінішке қарай, қоғамда мұндай келеңсіз жағдайлар кездесіп отыр. Қызды алып қашу – тек дәстүрлі түсінік емес, бұл біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі құқықтық мәселе болып шықты, – деді вице-министр.

Оның айтуынша, бұған дейін Қылмыстық кодексте тек 125-бап – "Адам ұрлау" арқылы қарастырылған. Алайда адам бостандыққа жіберілсе, кінәлі тарап жазаға тартылмайтын жағдайлар болған.

Сондықтан біз халықаралық тәжірибені зерттеп, Қылмыстық кодекске арнайы “Некеге мәжбүрлеу” бабын енгізуді ұсынып отырмыз. Егер адамды некеге күштеп отырғызса, болмаса ар-намысына тиетін ақпаратты жариялаймын деп қорқытса – бұл әрекет енді қылмыс болып саналады. Жаза ретінде 2 жылдан 10 жылға дейінгі мерзім көзделіп отыр, – деп түсіндірді Мерсалимова.

Өзгелердің жаңалығы