55 жастағы төртінші құтқарушы, жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі 75 метр тереңдікте табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәйіт сараптамаға жіберілді. Іздеу жұмысына 200-ден астам маман жұмылдырылды. 180 мың тоннадан астам тау-кен массасы игерілді.
25 шілдеде облыстық ТЖД күштері мен құралдары «Майқайың» АҚ аумағындағы жұмыс орнына келді. Автобустың бөлшектерін шығару үшін ТЖД құтқарушылары, "КӘАҚҚ РОШ" және шахта қызметкерлері құтқару жұмыстарын жүргізді. Мамандардың жұмысы қираған топырақ пен тастардың құлау қаупіне қарамастан жүргізілді. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында, сағат 16.05-те экскаватор арқылы топырақты бөгеу кезінде 75 метр тереңдіктен машинистің денесі табылып, сараптамаға жіберілді, - деп хабарлады ТЖМ.
Іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы және айтарлықтай қауіппен жүргізілгенін атап өткен жөн.
Авариялық -құтқару жұмыстарын жүргізу ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жанармай, тамақ, маркшейдер - мамандарды түсіру, сондай-ақ табылған заттарды көтеру жүргізілді. Топырақты металл детекторымен, геосканермен және магнитометрмен үнемі сканерлеу жүргізілді. Сонымен қатар оқиға орнында кинологиялық есептоптар жұмыс жүргізді, - деп мәлімдеді ТЖМ.
Еске сала кетсек, осыған дейін Майқайыңда жоғалған құтқарушының мәйіті 7 айдан кейін табылғанын жазған едік.