Майқайыңдағы апат. Құм астына кеткендерді іздестіру жұмыстары қайта жалғасты

7 Ақпан 2024, 15:30
731
Бөлісу:
Майқайыңдағы апат. Құм астына кеткендерді іздестіру жұмыстары қайта жалғасты
Фото: instagram.com/pavlodar_region

Майқайыңда қызметкерлермен бірге шахтаға түсіп кеткен автобусты іздестіру-құтқару жұмыстары қайта жалғасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл шараға енді кен байыту комбинаты жауапты. Кәсіпорынның бас директоры Қуаныш Ботиннің айтуынша, ондаған техника мен 20-ға тарта адам бөлінген. 

Қазір жоғарыдан шыңыраудың түбіне апаратын жолды кеңейту жұмыстары жүріп жатыр. 

Еске салсақ, 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасына қарасты шахта аумағындағы көлік жолы опырылып кетіп, 4 адам отырған автобус шыңырауға құлаған болатын. Бір айға жуықтаған іздестіру-құтқару жұмыстары  5 ақпанда тоқтатылды. 

Өзгелердің жаңалығы