«Майқайыңалтын» аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

5 Қаңтар 2024, 09:54
1549
Бөлісу:
«Майқайыңалтын» аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Фото: ТЖМ

«Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Опырылу орнында әлі де топырақ сырғып түсіп жатыр, опырылу шекаралары тұрақты емес.

Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев бар.

Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологиялық есептоптары тартылды. 

Оқиға орнында барлығы 97 адам және ТЖМ, полиция, КӘАҚҚ РОШ, "103" қызметі бөлімшелерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 23 техникасы жұмылдырылды.

Еске салсақ, Павлодарда жолаушылар бар автобус шахта шұңқырына түсіп кеткен болатын. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланған еді. Сонымен қатар екі құтқарушының денесі құмнан табылған еді.

Өзгелердің жаңалығы