Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропада маймыл шешегінен екінші адам қайтыс болды. Бірінші жағдай Испанияда тіркелген болатын.
Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.
Ал әлем бойынша аталған аурудан 5 адам көз жұмған. Олардың барлығы – Африка елдерінің тұрғындары.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегіне байланысты медицина саласында төтенше жағдай жариялаған еді.
Қазіргі сәтке дейін бұл вирусты 80-ге жуық елде 22 мыңнан астам адам жұқтырған.