Майгельдинов : Елімізде көппартиялық жүйе мен пікірлер плюрализмін дамыту үшін заңнамалық деңгейде нақты алғышарттар жасалуда

24 Наурыз 2022, 15:59
1614
Бөлісу:
Майгельдинов : Елімізде көппартиялық жүйе мен пікірлер плюрализмін дамыту үшін заңнамалық деңгейде нақты алғышарттар жасалуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Қазбек Майгельдинов мәлім етті.

Оның айтуынша, Президент Жолдауындағы жаңа саяси реформалар мен саяси трансформацияның логикалық жалғасы болады.

Президенттің өкілеттігін шектеу – президенттік өкілеттіктердің шамадан тыс болуынан бас тартудағы маңызды қадам. Бұл отбасылық-рулық бөлінудің және қандай да бір жаңа олигархияның пайда болуына жол бермеуге деген сигнал сияқты. Сонымен қатар, сайлау процесін жетілдіру, сот жүйесінің тәуелсіздігі мен ашықтығы, азаматтық қоғам институттары мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін арттыру туралы айтылды. Осылайша, елімізде көппартиялық жүйе мен пікірлер плюрализмін дамыту үшін заңнамалық деңгейде нақты алғышарттар жасалуда. Бұл барлық партияларға билік үшін күресте, сайлаушылармен жұмыс атқаруда нағыз бәсекелестік уақыты келгенінің  белгісі, -деді спикер.

Сонымен қатар талқы барысында «Ауыл» Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков  өз пікірін білдірді.

Менің ойымша, көпшілік Қасым-Жомарт Кемелұлының Конституциясына жаңадан сайланған Президенттің саяси партиялардағы мүшелігін тоқтату, облыстардың және қалалардың әкімдері мен олардың орынбасарларының партияның өңірлік филиалдарын басқаруға жол бермеу туралы норма енгізу туралы ұсынысына назар аударды. Президенттің отбасы мүшелерінің саяси қызмет атқаруына және квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарын басқаруына тыйым салатын норманың да маңызы зор. Мемлекет басшысының Абай облысын орталығы Семей қаласында, Алматы облысын орталығы Қапшағай қаласында, Ұлытау облысын орталығы Жезқазған қаласында, Жетісу облысын орталығы Талдықорған қаласында құру туралы шешімдерін зор ынтамен қабылдады. Сондай-ақ, Президент Қапшағай қаласының атауын Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың құрметіне өзгерту туралы ұсыныс шықса, азаматтардың пікірін қолдайтынын айтты. Әрине, жаңа аймақтарды құрудың орындылығы, бұл бюджеттік шығындарға әкеп соғатыны және т.б. туралы әңгіме болуы мүмкін. Расында, халықтың рухын жаңғырту тұрғысынан тиімді шешімдер бар, -деді Төлеутай Рахымбеков.

Өзгелердің жаңалығы