Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Маусымда әлемдік орталық банктер 22 тонна алтын сатып алды – Қазақстан тізімде бар ма?

6 Тамыз 2025, 07:12
569
Бөлісу:
 pexels
Фото: pexels

2025 жылғы маусым айында әлемдік орталық банктер алтын-валюта резервтеріндегі алтын көлемін 22 тоннаға арттырды. Бұл туралы World Gold Council (WGC) алдын ала мәліметтерінен белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ INTERFAX-ке сілтеме жасап.

WGC-нің сарапшысы Кришан Гополдың айтуынша, алтын сатып алу үш ай қатарынан біртіндеп өсіп келеді. Алайда, биылғы бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төмен – 130 тоннаға қарсы шамамен 123 тонна.

Маусым айында алтынды ең белсенді сатып алған елдер:

  • Өзбекстан – 9 тонна
  • Қазақстан – 7,4 тонна
  • Түркия – 2,3 тонна
  • Қытай – 2,2 тонна
  • Чехия – 1,6 тонна
  • Қырғызстан – 1,2 тонна

Бұдан басқа орталық банктердің сатып алуы тоннадан аз болған.

Сонымен қатар, Әзірбайжанның мемлекеттік мұнай қоры (ГНФАР) алтын қорын 15,8 тоннаға арттырғаны айтылған. Алайда, бұл көрсеткіш WGC-нің ресми статистикасына енгізілмеген, себебі мұндай мәліметтер тоқсан сайын жарияланады.

Алтын сатудан Сингапурдың Орталық банкі көш бастады, ол маусым айында 5,6 тонна алтынды сатты.

Өзгелердің жаңалығы