Air Astana 15 маусымнан бастап Астана мен Сеул арасындағы рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тасымалдаушы аптасына екі рет: сәрсенбі және сенбі күндері рейстер орындайтын болады. Бағытта 166 жолаушыға арналған Airbus-A321LR ұшағы қатынайды.
Әуе компаниясының сайтында айтылғандай, рейс алты жарым сағатқа созылады. Әуе билетінің құны бір жаққа шамамен 210 мың теңгені құрайды.