Жаңа маусым. Алматылықтар Медеуге Оңай арқылы кіре алады

19 Қазан 2019, 11:37
4690
Бөлісу:
Жаңа маусым. Алматылықтар Медеуге Оңай арқылы кіре алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімдігі белсенді демалысты және конькимен сырғанауды ұнататындар үшін бірқатар жаңалықтар дайындады. Жаңа маусымда қонақтарды жаңа өзгерістер күтуде. Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мұз айдынындағы сервистің сапасы мен деңгейіне ерекше назар аударылған.

Бірінші кезекте, мұздың сапасына мән берілген. Негізгі шешім - мұз қатырғыштар саны көбейді. Бұдан былай күндізгі және кешкі дайындық жұмыстарынан өзге демалыс күндері мұзды күні бойына екі рет дайындықтан өткізеді. Сеанстар уақыты қысқарған, бұл мұзға түсетін жүктемені азайтады.

Екінші проблема ұзақ уақыт бойына шешімін таппаған ұзын-сонар кезек болатын. Жаңа маусымда бұл мәселенің бірнеше варианты ұсынылды. Бірінші – мұз айдынына кіре берісте бірыңғай касса жұмыс істейді. Енді бір жерде бір рет барлық қызмет түріне ақы төлеуге болады. Кіру билетінің, конькиді жалға алудың, нұсқаушы қызметінің құны төлем ішіне кіреді. «Бір терезе» қағидасында қажет қызметтердің төлемі қарастырылған. Егер қонақ өз конькиімен келсе, онда жалға алуды төлеудің қажеті жоқ.

Жаңа маусымда қайта сырғанауға ақша төлеудің қажеті жоқ. Енді мұз айдынына келген қонақ 1000 теңгеге коньки алып, сеанс соңына дейін сырғанауына болады. Бұл тек ақшаны үнемдеумен қатар, жалға алу кассасына екінші рет кезекке тұрмай-ақ, уақытты үнемдейді.

Уақытты үнемдеудің екінші тетігі – онлайн-кассалар. Алғаш рет жолда келе жатып немесе үйде отырып қызмет түрлеріне ақы төлеу мүмкіндігі жүзеге асты. Билеттерді бір ай бұрын www.medey.info сайтынан алуға болады. 

Үшінші альтернатива – Onay төлем картасы. Метродағыдай бұдан былай картаны турникетке енгізіп, мұз айдынына кезексіз өтуге болады. Жүйе келушінің жасына орай тариф бойынша картадан қажетті соманы алып қалады. Айтпақшы, бағалар туралы айтар болсақ, олар былтырғы деңгейде қалған.

Конкилерді жалға беру жүйесіне де өзгерістер енгізілді. Нысан іші кең. Конькилерді қайрау мен кафетерий жеке локацияда орналасқан. Коньки беретін терезелер саны артқан. Нысан, келушілер жиі шағымданатын дәретханалар да жөндеуден өткен.

Қонақтарға ыңғайлы болу үшін конькилер саны 3500 жұпқа дейін артты. Балалардың қауіпсіз сырғанауы үшін қорғаныс комплектілері және сырғанауды жаңа бастағандарға арналған қосымша инвентарь сатып алынды. Оның ішінде ең кішкентай келушілерді сырғанататын «киттер» де бар.

Қоғамдық тамақтанудың толық бес локациясы жұмыс істейді, соның бірі - орталық арендағы фудкорт. Мұндай әдіс қызмет көрсетуді жүйелендіруге және оған бақылау жасауға мүмкіндік береді әрі оның деңгейін арттырады. Сонымен қатар, сырғанау кезінде дұрыс демалатын орындар саны ұлғаяды.

Қоғамдық тамақтану жүйесін трансформациялау «Медеудің» тарихи келбетін қайта жаңғыртудағы ортақ идеяны жалғастырады. Ағымдағы жылдың маусымынан бастап 1972 жылғы алғашқы сәулет жобасында қарастырылмаған элементтер біртіндеп алынып тасталуда.

Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша тарихи келбет қалпына келтірілуде. «Медеудің» 50 жылдық мерейтойы жақындап қалды.

Ең алдымен, оның алдындағы жарнама конструкциялары алынды. Көру алаңындағы касса да алынып, төменгі деңгейге ауыстырылды. Тамақтанатын киоскілер сүріліп, олардың орнына «Медеу» қойнауының селден қорғайтын бөгетінің көру алаңдарында «қарлығаштар» стилистикасын қайталайтын заманауи павильондар пайда болды.

Өзгелердің жаңалығы