Мәулен Әшімбаев Ватиканның Апостолдық нунциімен кездесті

1 Желтоқсан 2022, 14:41
922
Бөлісу:
Мәулен Әшімбаев Ватиканның Апостолдық нунциімен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ватиканның Қазақстандағы Апостолдық нунциі архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликатпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның еліміздегі қызметі аяқталып жатыр.

Кездесу барысында тараптар биылғы қыркүйекте Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің қорытындыларын, сондай-ақ Рим Папасы Францисктің Қазақстанға апостолдық сапарының нәтижелерін талқылады. Мәулен Әшімбаев понтификтің Съезге қатысуының маңызы жоғары екенін айтты. Сонымен қатар ол Қазақстан алдағы уақытта да жаһандық дінаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілету жолында белсенділік танытуға ниетті екенін атап өтті.

Одан бөлек, сұхбаттасушылар Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ олар екіжақты және көпжақты бағытта бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді

Өзгелердің жаңалығы