Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мәулен Әшімбаев: Ұлытаудағы құрылтай – жаңа дәстүрдің тікелей жалғасы

20 Маусым 2025, 11:32
490
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Ұлттың жаңа сапасы оның өткенін танудан басталады. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев  "Túrkistan" халықаралық газетінде жарияланған "Реформалардың мәні – 3: ХХІ ғасырдағы ұлттың жаңа сапасы" атты мақаласында қазақ ұлтының бірегейлігін қалыптастырған тарихи кезеңдерді айқындап, бүгінгі жаңғыру жолымен ұштастырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлтымызға ұя болған қасиетті Ұлытау төрінде, қазақ хандарының атасы Жошы хан кесенесінің іргесінде тамырын тереңге жай­ған мемлекеттілігіміздің жаңа дәуірі бас­тал­д­ы деуге толық негіз бар. Қазақтың мәдени және тарихи дәс­түрі­нен бастау алатын Ұлттық құрылтайдың фор­маты дала демократиясы институтының мә­нін жаңғыртып қана қоймай, халықтың тарихи жадына, ғасырлар бойы сақталған әдет-ғұрпына табан тірейді. Мұның мәні тереңде жатыр. Бұл даңқты тарихты еске алу үшін жасалып жатқан символикалық шара емес. Ол – болашақтың келбетіне ұлы тарих арқылы қарауға мүмкіндік беретін қадам, - дейді ол.

Сенат төрағасы ұлттық сана мен бірегейлік ХХІ ғасырда жаңа деңгейге көтерілуі тиіс деп санайтыны айтып, мақалада елдің рухани-мәдени келбетін айқындаған үш маңызды кезеңді ерекше атап өтті.

Қазақстан тарихында ұлттық бірегей­лік­тің қалыптасуына әсер етіп, біздің мәдени-ментальды жадымызда терең із қалдырған үш маңызды кезеңді белгілі бір шартты­лық­пен бөліп көрсетуге болады. Біріншісі – VIII ға­сырдан XII ғасырға дейін жалғасқан Ор­та­лық Азиядағы ағартушылық дәуірі болса, екін­ші кезең – Алтын орда уақыты. Ал үшін­ші кезең – Тәуке хан билеген Қазақ хан­дығының алтын ғасыры, – деді Мәулен Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша қазіргі реформалардың басты мақсаты – ұлттық болмысты жаңғыртып, оны жаңа сапаға көтеру. Тарихтан тағылым алып, рухани негіздерімізді бүгінгі заманмен үйлестіру – Қазақстанның ХХІ ғасырдағы өркениетті дамуының басты шарты.

Ұлы бабаларымыз бізге жақсылық пен жа­мандықтың аражігін ажырату, қашанда әділ­дік пен ар-намысты ту ету, қарапайым әрі қайсар болу, білімге талпыну, жақынға қам­қорлық таныту, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсету, туыстық қарым-қатынасты үзбеу, Тәуелсіздікке ұмтылу, жаңашылдықты мең­геру, балалардың еркіндігі мен дұрыс мақсат сияқ­ты құндылықтарды баға жетпес мұра етіп қалдырды. Біздің ендігі міндетіміз – осы бай қазынаны әрі қарай дамыту және соның айналасына топтасу. Сол арқылы Ұлы Дала­ның жаңарған және мәңгілік жүрегінде бо­ла­шаққа лайықты ұлт қалыптастыру. Біздің ренессанс қазірдің өзінде бас­та­лып кетті. Даңқты жауын­герлер мен саудагерлерден, ғалымдар мен ақындардан, хандар мен билерден, қо­ныс аударушылар мен жер аударылғандардан, ағартушылардан, Алтын Орда, Қазақ хан­ды­ғы, Алаш ордасы, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы дәуіріндегі зиялы қауым мен жұ­мысшылардан бізге жеткен ДНК код – со­ның кепілі, - дейді ол.

Мақалада "Жаңа Қазақстан" реформалары бұрынғы ұлт құру моделінен мазмұн мен тәсіл жағынан түбегейлі өзгеше екені нақты көрсетілді.

Бұған дейін Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың жоғарыда аталған мақаласында Қазақстанның жаңғыру жолындағы жаңа бағыттары мен қоғамды сапалық тұрғыдан өзгертудің негізгі тетіктері сөз болғанын жаздық. 

Сондай-ақ, Әшімбаев қазіргі реформалар саяси және экономикалық шеңберден шығып, қоғамның рухани және мәдени деңгейін көтеруге бағытталып отырғаны туралы да сөз етті. Ол "Біз кімбіз?" деген сауалға жауап бермей даму болмайтынын, жусанның иісіне же­тетін ешнәрсе жоқ екенін айтты. 

Сонымен қатар, Сенат басшысы ұлттық саясаттағы бұрынғы қателіктерді атап өтті. 

Өзгелердің жаңалығы