Мәулен Әшімбаев: Тәуелсіздік – біздің баға жетпес бағымыз бен байлығымыз

Бүгiн, 12:06
113
Бөлісу:
Мәулен Әшімбаев: Тәуелсіздік – біздің баға жетпес бағымыз бен байлығымыз

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтарды құттықтады.

Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дәл осы күні Қазақстан әлем картасына азат мемлекет ретінде қосылды. Дүние жүзі бізді дербес ел ретінде танып, мәртебеміз биіктеді. Сондықтан еркіндік пен елдіктің қадірін арттыратын мейрамды ұлықтау айрықша маңызға ие. Шын мәнінде, Тәуелсіздік – біздің баға жетпес бағымыз бен байлығымыз. Сол себепті, оны көздің қарашығындай сақтау – әр қазақстандықтың қастерлі борышы, - дейді Сенат төрағасы.

Қазіргі таңда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен іске асырылып жатқан реформалардың бәрі, бірінші кезекте, аталған маңызды міндетті мақсат тұтады.

Осы жолда ұлт болып ұйыса білсек, мемлекеттілігіміз нығайып, тұғырымыз бекемделе түсері сөзсіз. Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық, құт-береке және елімізге амандық тілеймін! Тәуелсіздігіміз баянды болсын, - деді Әшімбаев.

Өзгелердің жаңалығы