Мәулен Әшімбаев: Медиация – коммерциялық дауларды реттеудің тиімді құралы

7 Сәуір 2022, 10:44
4084
Бөлісу:
Мәулен Әшімбаев: Медиация – коммерциялық дауларды реттеудің тиімді құралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенатта Палата төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

Бұл конвенция («БҰҰ медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясы» - ред.) оған мүше мемлекеттерде коммерциялық даулар кезінде медиация арқылы қол жеткізілген келісімдерді орындау үшін құқықтық негіз қалыптастырады. Қазіргі таңда медиация - коммерциялық дауларды реттеудің баламалы және тиімді құралы, - деп айтты Мәулен Әшімбаев.

Сенат спикерінің сөзінше, конвенция бизнеске және инвесторларға медиациялық келісімдердің өзге мемлекеттерде орындалуына қосымша кепілдік береді.

Еске сала кетейік, бүгін Сенат Мәжіліс мақұлдаған «Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясын ратификациялау туралы» заңды қабылдады.  

Өзгелердің жаңалығы