Мәулен Әшімбаев: Ел игілігіне қызмет ету – бәріміз үшін маңызды міндет

8 Ақпан 2022, 20:23
1686
Бөлісу:
Мәулен Әшімбаев: Ел игілігіне қызмет ету – бәріміз үшін маңызды міндет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты facebook-тегі парақшасында өз пікірін жазды.

Мемлекет басшысы қасіретті қаңтар оқиғасынан кейін Үкіметке және барлық мемлекеттік органға еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде нақты міндеттер жүктеген еді. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударып, алдағы басымдықтарды белгілеп берді, – деп жазды ол.

Президентіміз мемлекет тарапынан қолға алынған әр бастама, ең алдымен, халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуі керектігін баса айтты. Осыған орай Үкіметке еңбек етуге қолайлы жұмыс орындарын ашу, азаматтардың табысындағы алшақтықты азайту және олардың бизнеспен айналысуына тең мүмкіндік беру жөнінде нақты тапсырмалар берілгенін айтты..

Сонымен қатар Мемлекет басшысы инфляцияны ауыздықтау, экономиканы өркендету, бюджетаралық қатынастың жаңа жүйесін қалыптастыру және мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету міндеттеріне тоқталды. Отырыста тұрғын үймен қамту, жердің бір қолға шоғырлануына жол бермеу, субсидия беру саласын реттеу сияқты маңызды бағыттар бойынша да сөз қозғалды. Отандық автоөнеркәсіпті дамыту, еліміздегі құрылыс нарығын монополиясыздандыру, шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару, кеден бекеттеріндегі қордаланған түйткілдерді шешу және тағы басқа салалар да назардан тыс қалған жоқ, – деді Сенат төрағасы.

Сондай-ақ ол бүгінгі іс-шарада Президентіміз жаңару үшін әділ, ашық әрі түсінікті мемлекеттік саясат жүргізілуі керектігін айрықша атап өткенін тілге тиек етті.

Жыл басындағы қайғылы оқиғалардан кейін бұл мәселелердің өзектілігі арта түскені сөзсіз. Сондықтан Мемлекет басшысы оларды шешіп қана қоймай, елімізді саяси, әлеуметтік-экономикалық жаңарту бағдарын күн тәртібіне шығарды. Бүгінгі іс-шарада Президентіміз жаңару үшін әділ, ашық әрі түсінікті мемлекеттік саясат жүргізілуі керектігін айрықша атап өтті. Бұл «Жаңа Қазақстанның» басты құндылығы екені анық. Шын мәнінде, ел игілігіне қызмет ету – бәріміз үшін маңызды міндет. Сол себепті Парламент Сенаты Мемлекет басшысының бастамалары мен реформаларының табысты іске асырылуын заңнамалық тұрғыдан сапалы әрі уақтылы қамтамасыз ету үшін Үкіметпен бірлесіп, тиісті жұмыстарды атқара береді, – деп жазды Мәулен Әшімбаев.

Өзгелердің жаңалығы