Мауи аралындағы орман өрті: 385 адам іздестіріліп жатыр

4 Қыркүйек 2023, 00:27
622
Бөлісу:
Мауи аралындағы орман өрті: 385 адам іздестіріліп жатыр
Фото: видеодан скрин

Гавайи штатындағы Мауи аралындағы орман өртінен кейін жоғалып кеткен 385 адам әлі табылмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін 3 мыңнан аса тұрғынның із-түзсіз кеткені айтылған еді. Абырой болғанда, олардың дені аман-есен табылды.

Айта кетейік, елді дүрліктірген алапат орман өрті тамыздың басында болған. Тілсіз жаудан әсіресе Лахайна қаласы қатты зардап шекті. Мұндағы ғимараттың басым бөлігі өртеніп кеткен. 115 адам көз жұмды. Бұл – Гавайи тарихындағы ең алапат өрт.

Өзгелердің жаңалығы