BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

«Таразы ақынға арнау» атты көрме ашылды (ФОТО)

 Қылқалам шебері өзінің көрмесін қазақ жерімен тығыз байланыста болған Тарас Шевченконың 200 жылдық мерейтойына арнап, «Таразы ақынға арнау» деп атапты.

1847 – 1857 жылдар аралығында Кіші жүз аймағында украиналық ұлы ақын және суретші Тарас Григорьевич Шевченконың айдауда болғандығы белгілі. Ол Қазақстанға өз еркімен келген жоқ, Ресейдің Николай І патшасының өкімімен мерзімі шектелмеген уақытқа Украинадан жер аударылып келді. Жер аударудың негізгі себебі Т.Шевченконың бостандық сүйгіш өлеңдері болды. Ұлы украин ақыны, дарынды суретші – саяси жер аударылушы және Россия империясының жай ғана солдаты болып қалды. Оған сурет салуға да тыйым салынған болатын.

 


Солдаттық қызметі Орынборда, Орскіде, Маңғыстау түбегіндегі Новопетровск бекінісінде өтті. Т.Шевченко мен жергілікті қазақтар арасында жылы достық қарым-қатынас орнады. Қазақ кедейлерінің ауыр өміріне ол өзінің көптеген суреттері мен жазбаларын арнады.Шевченконың бейнелеу өнеріндегі барлық 450 жұмысының шамамен 350-і Қазақстанға, оның табиғатына, халқының өмірі мен тұрмысына арналған екен. Ақынның, суретшінің өздеріне деген ықыласы мен әділдігіне тәнті болған жергілікті қазақтар Тарас ақынды «Таразы ақын» деп құрметтей атап кеткен екен.

 


Өзінің қандас бабасы сияқты Олександр Махно да шығармаларында қазақтар тақырыбына көптеген суреттерін арнаған. Оның «Бесікке бөлеу», «Отқа май құю», «Сәбидің тұсауын кесу», «Ашамайға мінгізу», «Көкпар» сияқты еңбектері халқымыздың салт-дәстүрлерін паш етсе, «Қамшылы бала», «Қызыл малақайлы ұл», «Қалыңдық» сияқты көптеген портреттері салыну шеберлігімен, ашық та нақтылығымен, ойлылығымен көрерменді өзіне баурап алатындай әсерлі шыққан.
.

 

Пікірлер