Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кеңес отырысына Дархан Мыңбай төрағалық етті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе «Масс-медиа туралы» заң жобасын талқылау болды.
Аталған заң жобасы журналистер арасында талқыланды. Заң жобасына журналистердің мәртебесіне, БАҚ-ты мемлекеттік қаржыландыруды реформалауға және ақпараттық қауіпсіздікке қатысты 50-ден астам түзетулер енгізілді.
Жалпы алғанда, заң жобасын кеңес мүшелері қолдады, дегенмен, жекелеген түзетулерді жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізілді.
Сондай-ақ жиын барысында қоғамдық кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы да талқыланды.
Айта кетейік, АҚДМ Қоғамдық кеңесінде азаматтық қоғам, жастар мен отбасы, ақпарат және қоғамдық келісім саласындағы жалпы 4 комиссия жұмыс істейді.