Казіргі таңда әлеуметтік желіде “Масс-медиа туралы” заң жобасы ведомствоаралық комиссияның келісуімен ҚР Парламентіне жіберілгені туралы ақпарат таратылып жатыр депа хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Заң жобасы ҚР Парламентіне жолданған жоқ, қазіргі таңда ол ашық НҚА порталында жарияланған, әр азамат онымен танысып, өз пікірін қалдыра алады - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Жасұлан Өміралиев өзінің фейсбук парақшасында.
Оның айтуынша, қазіргі таңда министрлік жұмыс тобының мүшелері, мемлекеттік емес ұйымдар және журналистермен кездесіп, заң жобасын талқылауда екен.
Заң жобасының кейбір нормаларына ескертулерге сәйкес, ерекше жағдайлар, қоғамдық-кәсіби кеңестер және баспасөз картасына қатысты нормаларға кейбір өзгерістер еңгізілуде. Министрлік қоғаммен ашық байланыста. Регламентке сәйкес заң жобасын ҚР Парламентіне енгізу алдында қажетті сараптамалардан өтіп, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың сараптамасына жолданып, мемлекеттік органдармен келісіп, Үкіметте талқылануы тиіс. Сондай-ақ, «жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз, - деді Жасұлан Өміралиев