Мәслихат депутаттығына барлығы 3 415 мандат ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді.
223 мәслихат 3 415 мандат ұсынды. Оның ішінде 668 мандат 20 облыстық және республикалық маңызы бар мәслихаттарына, 617 мандат қалалық, 2 130 мандат аудандық. Облыстық, республикалық маңызы бар қала және Астана депутаттарын сайлау бойынша депутаттардың жартысы (334 мандат) партиялық тізім бойынша және жартысы (334 мандат) бірмандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады, - деп айтты ол.
Ал қалалық және аудандық мәслихаттар деңгейінде барлық округтер мажоритарлық.