Мәслихат депутаттары біліктілігін арттырып жатыр

3 Қазан 2023, 19:04
895
Бөлісу:
Мәслихат депутаттары біліктілігін арттырып жатыр
Фото: ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

Алматыда мәслихат депутаттары заң шығару қызметі, мемлекеттік жоспарлау жүйесі, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары бойынша біліктілігін арттырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметі жазды.

2-6 қазанға жоспарланған «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» семинарында депутаттар жаңа сын-қатерлер жағдайында тиімді қызмет ету үшін кәсіби құзыреттері мен практикалық дағдыларын арттырып жатыр.

Академияның Алматы қаласы бойынша филиалында мәслихат депутаттарына арналған модульдік оқыту өтіп жатырмыз. Оқыту барысында депутаттарға іс жүзінде қажетті дағдылар мен құзыреттерді меңгерудеміз, практика жүзінде кездесетін кейстерді де қарастырып жатырмыз. Бұл оқыту депуттаттық қызметімізді тиімді атқаруға және құқықтық, бюджеттік заңнама тұрғысынан шешім қабылдауға септігін тигізері сөзсіз, – деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Әкім Тұрсын.

Мәслихат депутаттары біліктілігін арттырып жатыр

Елімізде мәслихат депутаттары сайланған депутат өкілеттігінің алғашқы екі жылы ішінде біліктілігін арттыру курстарынан өтуі тиіс екенін атап өткен жөн. Осы бағытта Академия және оның филиалдары 2021 жылдан бері бірізді оқыту бағдарламасын әзірлеп, 2022 жылы барлық өңірде оқытуды жүзеге асыра бастады.

Оқыту бағдарламасы 5 модуль аясында өткізіледі, атап айтсақ заң шығару қызметі, мемлекеттік жоспарлау жүйесі, тиімді депутаттық қызметті ұйымдастыру, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын, әлеуметтік медиадағы коммуникациялық менеджмент мәселелерін және т.б. сұрақтарды қамтиды, – деді Академияның Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Айгерім Абилова.

Өзгелердің жаңалығы