Мәслихат депутаттары азаматтардың 500-ден астам өтінішін қабылдады

25 Наурыз 2021, 19:19
1741
Бөлісу:
Мәслихат депутаттары азаматтардың 500-ден астам өтінішін қабылдады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы мәслихатының депутаттары 40-қа жуық тікелей эфир өткізіп, азаматтардың 500-ден астам өтінішін қабылдады.

Президенттің тапсырмасы бойынша «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Алматы қаласы мәслихатының барлық депутаты халықпен тікелей эфирлерге тұрақты шығып, онда жүргізіліп жатқан қоғамдық жұмыстар туралы әңгімелейді, әлеуметтік желілердегі жазылушылардың сұрақтарына жауап береді. Барлық азаматтарға көмек пен кеңес беріледі.

Мәслихат депутаттарының барлық тікелей эфир сериясын инстаграмда, сондай-ақ Алматы қаласы мәслихатының Youtube-арнасынан көруге болады.

Сонымен қатар мәслихаттың барлық сессиясы Президент тапсырмасына сәйкес online түрде көрсетіледі. Осылайша, кез келген БАҚ өкілі немесе қала тұрғыны тікелей эфирге шығып, мәслихат шешімдерінің қалай қабылданатынын көре алады.

Сондай-ақ азаматтардың барлық қабылдауы @maslihat_almaty әлеуметтік желілердің аккаунттарында және Алматы қаласы мәслихатының ресми сайтында жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы