Мәскеудегі теракт: Зардап шеккендер саны 140 адамға жетті

24 Наурыз 2024, 09:54
1200
Бөлісу:
Мәскеудегі теракт: Зардап шеккендер саны 140 адамға жетті
Фото: РФ ТЖМ

Мәскеу облысының Денсаулық сақтау министрлігі 22 наурызда «Крокус Сити холл» концерт залында болған терактіден зардап шеккендердің жаңа тізімін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Онда барлығы 140 адамның аты-жөні бар.

Бұдан бөлек, зардап шеккендердің үшеуі Мәскеу маңындағы ауруханалардан шығарылды, бірақ 105 адам стационарлық емделуде, тағы 31 адам амбулаториялық емханада.

Бұған дейін лаңкестік әрекет құрбандарының саны 115 адамға жеткені айтылған болатын.

22 наурызда камуфляж киген адамдар "Крокус Сити Холл" концерт залына баса-көктеп кіріп, оқ жаудыра бастаған. Оқиға "Пикник" рок-тобының концерті басталардан бірнеше минут бұрын болған.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен Ресей Федерациясындағы лаңкестік әрекетке байланысты шұғыл кеңес өткізді.

Өзгелердің жаңалығы