Мәскеудегі "Крокус сити холл" ғимаратында белгісіз біреулер оқ жаудырды

22 Наурыз 2024, 23:25
920
Бөлісу:
Мәскеудегі "Крокус сити холл" ғимаратында белгісіз біреулер оқ жаудырды
Фото: скрин

Бүгін Мәскеудің солтүстік-батысындағы "Крокус сити холл" концерттік залында атыс болды, жараланғандар бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, камуфляж киген үш адам оқ жаудырған.

Атыс Picnic рок тобының концертіне бірнеше минут қалғанда басталды.

Крокус Сити Холлдың бірінші қабатына кем дегенде үш камуфляж киген адамдар кіріп, автоматтан оқ жаудырды. Жараланғандар бар екені анық, - деп хабарлады РИА Новости агенттігі.

Өзгелердің жаңалығы