25 сәуірде Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путиннің АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофпен кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ресей тарапынан келіссөздерге президенттің көмекшісі Юрий Ушаков пен Ресей Федерациясы тікелей инвестициялар қорының бас директоры, президенттің шет елдермен инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Кирилл Дмитриев қатысты. Бұл туралы Ресей СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Zakon.kzтің жазуы бойынша, өзге ақпараттар әлі жарияланған жоқ.
Бүгін Time журналында Дональд Трамптың АҚШ, Ресей және Украинаның даму мәселелеріне қатысты сұхбаты да шықты.