Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ресейдің жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
П. Лумумба атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры Олег Ястребов, Д. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің ректорының міндетін атқарушы Илья Воротынцев, Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтының ректоры Екатерина Кудрина, С. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетінің ректоры Владимир Малышев ҚР РФ Елшілігінің қонақтары болды.
Кездесуге қатысушылар стратегиялық серіктестік пен тату көршілік рухында дамып келе жатқан білім беру саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі қарқынына жоғары баға берді. Өзара іс-қимылды арттыру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Қазіргі уақытта Ресейдің жоғары оқу орындарында 60 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда, бұл басқа елдермен салыстырғанда көп. Д. Абаев бұл көрсеткіштің ресейлік жоғары оқу орындарының сұранысы мен жоғары білім беру әлеуетін айғақтайтынын аталып өтті, Қазақстан үшін кәсіби кадрлар даярлағаны үшін ризашылығын білдірді.
Өз кезегінде ЖОО басшылары алдағы уақытта да қазақстандық жастардың білім алуына жан-жақты қолдау көрсетуге және қолайлы жағдай жасауға ниетті екендіктерін жеткізді.