Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына арналған "Қазақстан – Ресей: достық пен стратегиялық серіктестіктің 30 жылдығы" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бірінші панельдік секцияда екі елдің дипломатиялық ведомстволарының өкілдері мен Мәскеуде тіркелген шет мемлекеттердің Елшілері сөз сөйледі.
Отырысты ашқан Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты ректоры Анатолий Торкунов соңғы 30 жылда екі мемлекет бір-біріне қарап, 1990 жылдардағы объективті қиындықтарды еңсеріп, үдемелі әлеуметтік-экономикалық даму траекториясына түскенін, ынтымақтастық екіжақты және көпжақты форматта кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Ресей Қазақстанның қазіргі заманның маңызды мәселелері бойынша халықаралық бастамаларын жоғары бағалайды. Қазақстан жаһандық конфессияаралық диалогке ықпал етуде, атап айтқанда, жақында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жоғары деңгейдегі VII съезі табысты өтті.
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев 30 жыл бойы Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы тұрақтылық пен серпінділік танытқанын, оның негізінде теңдік, егемендікті өзара құрметтеу, шекаралардың мызғымастығы, бір-бірінің ұлттық мүдделерін ескеру және сындарлы диалог сияқты құндылықтар жатқан достық пен тату көршілік байланыстары жоғары деңгейде қала беретінін атап өтті. Оның айтуынша, екі мемлекет басшылары арасындағы сенімді қарым-қатынас жетекші рөл атқаратыны сөзсіз.
Талқылауға басқа елдердің дипломаттары да қосылды.
Атап айтқанда, Түркіменстанның Ресейдегі Елшісі Батыр Ниязлиев екі мемлекетті дипломатиялық қарым-қатынастың мерейтойымен құттықтады.
Түркіменстан үшін Қазақстан мен Ресей географиялық жақын және достас мемлекеттер ғана емес, біздің еліміз бен халқымызды көп ғасырлық тату көршілік, бауырластық, мәдени дәстүрлер, ортақ негізгі құндылықтар біріктіреді. Бүгінде Түркіменстан Қазақстан және Ресеймен бірлесіп, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заманауи қауіптер мен сын-қатерлерге қарсы тұру бойынша белсенді саясат жүргізіп жаты", – деді дипломат.
Өз кезегінде Молдованың Ресейдегі және Қазақстандағы Елшісі Лилиан Дарий екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың мерейтойымен құттықтап, екі ел халқының мүддесі үшін одан әрі ілгері дамуын тіледі.
онференцияны қорытындылай келе, оған қатысушылар Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас барлық салада қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Олардың пікірінше, ынтымақтастық әлеуеті таусылған жоқ және оны одан әрі дамыту үшін мүмкіндіктер жоғары. Атап айтқанда, жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күресте бірлескен күш-жігерге ықпал ететін ғылыми және сараптамалық диалогты күшейту қажет.