Мәскеу маңында ұшақ құлады

Бүгiн, 00:25
157
Бөлісу:
Мәскеу маңында ұшақ құлады
Фото: РФ ТЖМ

Мәскеу маңындағы Мячково әуежайынан бірнеше шақырым жерде жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

РФ ТЖМ таратқан мәліметке сәйкес, ұшақ бортындағы екі адамды құтқару мүмкін болмады.

Оқиға орнында 26 адам және сегіз бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Апат болған жерге сондай-ақ әуе және су көлігіндегі заңның орындауын қадағалау бойынша мәскеулік прокурордың орынбасары Александр Диановтың барғаны айтылды.

Мячково әуе айлағына жақын жерде жаттығу кезінде жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады, - делінген хабарламада.

Ресейлік БАҚ Р-2002 Sierra борты оқу-жаттығу ұшуын орындаған. Бортта курсант пен ұшқыш-инструктор болған. 6 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:10-да экипаж байланысқа шығуын тоқтатқан. Болған оқиғаны өзге жеңіл моторлы ұшақтың ұшқышы растады. Ол апат болған жерге алғашқы болып жетіп, ұшақтың өртке оранғаны туралы хабарлаған.

Өзгелердің жаңалығы