Мәскеу маңын 60-тан астам дрон шабуылдады

Украина қарулы күштері түнде Ресейдің алты аймағына дронмен шабуыл жасады. Тек Мәскеу облысының өзінде 69 ұшқышсыз аппарат атып түсірілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 BAQ.KZ  - архив 11 Наурыз 2025 2025, 13:49
11 Наурыз 2025 2025, 13:49
1716
Фото: - архив

Украина қарулы күштері түнде Ресейдің алты аймағына дронмен шабуыл жасады. Тек Мәскеу облысының өзінде 69 ұшқышсыз аппарат атып түсірілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таңға жуық Мәскеу маңындағы Раменское ауданында дрондар құлап, тұрғын үйлерге зақым келтірді. Кейбір көпқабатты үйлердің терезелері сынған, ал Софьино ауылында екі қабатты үй өртенген. Мәскеудің өзінде де көпқабатты ғимаратқа дрон тиген.

Шабуыл салдарынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алғаны хабарланды. Жергілікті биліктің мәліметінше, дрон сынықтары кемінде жеті пәтерге зиян келтірген. Қазіргі уақытта төтенше қызметтер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің айтуынша, Ресей Қорғаныс министрлігінің әуе қорғаныс күштері 69 дронды атып түсірген.

Наверх