Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Масканы шешу бойынша шешім жоқ. Себебі вакцина қойылса да, вирусты өзге адамға жұқтыру мүмкіндігі сақталады. Масканы шешетін жағдайды қарастырмаймыз. Себебі маска мен вакцинаны қосқан кезде ғана вирусты жоямыз деп ойлаймыз, - деді ол.Шоранов атап өткендей, ревакцинация бойынша әлі де мәселе қаралып жатыр.
Ревакцинация кезінде вакцинаның басқа түрін таңдауға бола ма, болмай ма деген сынды сұрақтар да сол кезде қаралады, - деді ол.Бұған дейін хабарлағанымыздай, Марат Шоранов вирустың жұғуы температураға байланысты емес екенін айтқан еді.